Ресейдің Украина жеріне басып кіргеніне жиырма үш күн болды. Орыс әскері қалаларды бомбалауды тоқтатпады. Ал Ресей мұның бәрін Украинаның өзі істеп отыр дейді.
Ресей әскерінің Украинаға басып кіріп, атқылап жатқанына 22 күн болды. Зардап шеккен, қаза тапқан бейбіт тұрғын аз емес. Халықаралық қылмыстық сот Ресейден соғысты тоқтатуды талап етіп, қылмыс деректерін тексеру үшін Украинаға келді.
Киев пен Мәскеу келіссөзінің төртінші кезеңінде Украинаның ешқандай әскери ұйымға мүше болмауы туралы бейтарап статусы талқылана бастады. Бірақ үш аптаға созылған соғыста Украина халқының 3 миллионға жуығы бас сауғалап, елден көшіп үлгерді.
Ресей әскері Украинаға басып кіргеніне жиырма күн болды. Президент Зеленский соғыс жағдайын сәуірдің соңына дейін ұзартты.
Ресей әскерінің шабуылы батысқа қарай жылжып, зымырандар Польша шекарасына жете бастады. АҚШ НАТО аумағына бір оқ атылса соғысқа араласуға дайынбыз дейді.
Ресей әскері Киевке жақындап келеді. Батыс бақылаушыларының дерегінше, Киевтен 25-30 шақырым жерге топтасқан ауыр күш бір күнде бес шақырым ілгерлеген. Алайда Батыс басылымдары "Ресей әскері әлсіреді" деп жатыр. Осы тұста Путиннің Таяу Шығыстан "ерікті" сарбаздар әкелетіні мәлім болды.
Ресейдің Украинаға соғыс ашқанына 15 күн болды. Атыс, жарылыс әлі толастаған жоқ. Орыс сарбаздарының қоршауында қалған қалалардан бейбіт тұрғындарды эвакуациалау жалғасып жатыр. Сондай-ақ 10 наурызда екі елдің сыртқы істер министрлері Түркияда кездесті.
Қазақстанның бірнеше өңірінде мүгедектігі бар адамдар наразылыққа шықты. Олар кезексіз баспана беруді сұрап, жәрдемақы мөлшерін екі есе көбейтуді талап етті. Көбі денсаулығына байланысты жұмыс істей алмағандықтан, күн көрудің өзі қиындап кеткенін айтады.
Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне 14 күн болды. Соғыстан мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты. Қаржы ұйымдар "батыс санкциялары Ресей экономикасын банкрот етеді" деп болжайды. Бірақ Кремльдің соғысты қашан тоқтататыны белгісіз.
8 наурызда Алматыда былтырдан бері дәстүрлі шараға айналған әйелдер құқығына арналған митинг өтті. Биылғы шарада әйелдердің саясатқа араласуы көп қозғалды. Ұйымдастырушылар мен жиналғандар зорлық-зомбылық құрбандарын да еске алды.
Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығымен орыс әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне 8 күн болды. Ресей қалаларды үсті-үстіне бомбалап жатыр. Қаза тапқан бейбіт тұрғындар да, әскерилер де аз емес. Украинадан миллионға жуық адам босып кетті. Ресми Киев қорғаныстан шабуылға көшкенін мәлімдеді.
Украинадағы соғыстың жетінші күні қалалар қирап, көшеде мәйіттер шашылап жатыр. Екі тараптың да келісімге келетін түрі жоқ
Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне 5 күн болды. Орыс армиясы елдің ірі қалаларын атқылап, қызу шайқас жүріп жатыр. Украина жағы кемі 5 мың ресейлік өлгенін мәлімдеді. Ал батыс елдері Ресейді әлемнен оқшаулау ісіне шындап кіріскендей, санкция көбейіп барады.
Украинадағы соғыстың екінші күні. Ресей әскері Украинаға жан-жақтан шабуыл жасап, Киевке кірді. Қазірдің өзінде жүзден астам адам опат болып, мыңдаған адам бас сауғалап басқа елге қашып жатыр. АҚШ МӘскеуге санкцияны күшейтті.
Алматылық бір топ азамат Ресей консулдығы алдына келіп, Украинадағы соғысқа қарсы екенін білдірді. Олар Украина туы мен "Украина тәуелсіз" деген плакаттар әкеліп, Ресейден әскерін кері қайтаруды талап етті. Бірақ жиналғандарға наразылықты аяғына дейін өткізуге полиция мүмкіндік бермеді.
24 ақпанда Украинаға қолдау білдіріп, Алматыдағы Ресей консулдығының алдына келген бір топ белсендіні полиция ұстап әкетті
Ресей президенті Владимир Путин ресейшіл жікшілдер бақылайтын Донбаста әскери операция бастауды бұйырды. Бірақ жергілікті тұрғындар Украинаның Харьков, Мариополь облыстарында да жарылыс дауысы естіліп жатқанын айтады.
Алматыда анасымен бірге күзетші болып істеген Өзбекстан азаматы Сәкен Тәліповтің қамауда отырғанын үш апта болды. Өзбекстанның бұл іс бойынша Қазақстанға жолдаған нотасына әлі жауап жоқ. Ал баласына араша сұраған ананы жұмысынан шығарып жіберген.
Қаңтар оқиғасына байланысты алғашқы сот үкімдері шыға бастады. Алматы соты екі жігітті «қару ұрлады» деген айыппен бес жылға соттаған. Cот екеуі де кінәсін мойындады дейді. Туыстары үкіммен келіспейді.
Тағы